Қазақстанда аяз қайта күшейді

Елімізге қайтадан аяз келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Оңтүстік және Шығыс өңірлерде сынап бағанасы күрт төмендейді. Мәселен, Түркістан облысында қар аралас жаңбыр жауып, желдің екпіні күшейеді. Таулы аймақтарда оның жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді. Аяз болады. Дәл осындай жағдай Алматы мен Ақмола олысында байқалады. Кейнгісінде ауа температурасы минус 21 градусқа дейін төмендейді. Қызылорда, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында тұман басып, көктайғақ болады. Жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарында жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді дейді синоптиктер. Ел астанасында да жел екпіні күшейіп, сынап бағанасы минут 15-17 градусты көрсетеді. Аталған аймақтарға дауылды ескерту жарияланды.  

Сондай-ақ...