Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды (Нұр-Сұлтан қаласы, Шымкент қаласы, Ақмола, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО және Түркістан облыстары).

ТЖМ Ахуалдық орталығында республикалық жедел штаб құрылды. Оның құрымында «Қазавтожол» ҰК АҚ, «Казахавтодор» ЖШС өкілдері және ІІМ ӘПК қызметкері бар. Ақмола, СҚО, Қостанай облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-де осындай штабтар жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, көктайғақ) еліміздің бес өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесі мен облыстық маңызы бар автожолдардың 40 учаскесінде қозғалыс жабылды.

Шұғыл жұмыстарға жалпы ТЖМ, ІІМ, жол қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардан 611 адам және 321 бірлік техника жұмылдырылды.

Халықты эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде 284 жылыту пункті дайындалды, онда 227 адам, оның ішінде 14 бала орналастырылды: СҚО (132, оның ішінде 7 бала), Қостанай облысында (64 адам, оның ішінде 7 бала).

ТЖМ аумақтық бөлімшелері Ақмола, Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарындағы автожолдарда 77 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады, 20 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды.

Уақтылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін республикалық жедел штабта және өңірлерде (Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында) жедел байланыс желісі ашылды.

Ақпарат көзі: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі