424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылықтарға Богданович мұздығына барудан уақытша бас тарту ұсынылды

  • 325
  • UPD: 12:53, 19.02.2021
Алматылықтарға Богданович мұздығына барудан уақытша бас тарту ұсынылды

Алматылықтарға Богданович мұздығына барудан уақытша бас тарту ұсынылды.

Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков пен Алматы қаласы Құтқару қызметінің басшысы Дмитрий Чухонцев мәлім етті, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Богданович мұздығы үлкен Талғар асуынан оңтүстік-батысқа қарай Іле Алатауының Кіші Алматы сілемінде орналасқан. Биіктік айырмашылығы – теңіз деңгейінен 3160-3360 м биіктікте. Богданович мұздығының аумағында көптеген әдемі шың бар. Ауданның басты шыңы мен ең биік нүктесі – биіктігі 4376 метр Нұрсұлтан шыңы. Бұл шың – Іле Алатауының ең әдемі шыңы және Алматының визит карточкасы болып табылады. Богданович мұздығы циркінің басқа да белгілі шыңдары: Абай шыңы, Школьник шыңы, Чкалов шыңы, Физкультурник шыңы, Амангелді шыңы, Пионер шыңы, Қарлытау шыңы.

Алматы әкімдігі қазіргі уақытта Богданович мұздығына барудан бас тартуды ұсынады.

«Қала тұрғындарын тауларда тайғақ соқпақтар мен тәуліктің әртүрлі уақытында ауа температурасының кенеттен өзгеруі кезінде маусымаралық жорықтардың қауіптілігі туралы ескерткіміз келеді. Қар көшкіні мен сел жүру ықтималдығы артады. Тауға шықпас бұрын таудағы жауын-шашынның ықтималдығын әрдайым тексеріп, сапар уақытын есептеңіздер», – деді Алматы қаласы туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков.

Бағыт Талғар асуына фуникулермен көтерілуден басталады. Мұздыққа қарай және артқа жаяу жүру бағыты 5-6 сағатты құрайды. Жаяу жүргіншілер бөлігінің ұзындығы – 8 км.

Хабар 24 телеарнасы