Зейнетақы жинағын емделуге алу үшін өтініш қабылдау басталады

Жинақтаушы зейнетақы қорынан емделуге де қаржы алуға болатыны белгілі. Өтініштер 25 ақпаннан бастап қабылданады.

Айта кетерлігі, емі қымбат ауру түрлері де тізімге енгізілген. Алдағы уақытта шетелден ем алуға қаражат бөлу де қарастырылып жатыр.

25-ші ақпанннан бастап Зейнетақы қорындағы қаражатты емделуге алу үшін өтініші қабылдау басталады. Ол үшін мекен-жай бойынша тіркелген медициналық мекемеге барып комиссиядан денсаулығына қатысты арнайы қорытынды алу керек. Бұл қызмет түрін Орфандық аурулары бар адамдар және стоматологтялық емді қажет ететіндер пайдалана алады. Сондай-ақ онкологиялық аурудың кесірінен денесіне өзгеріс енгізілсе сол адамдар косметологиялық операция жасату үшін қордағы қаржысын қолдана алады. 

Гүлнәр Сәрсенбаева, медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті  директорының орынбасары:

- Дәрігерлік комиссия 5 жұмыс күннің ішінде қордан ақшаны алуға рұқсат береді немесе бас тарту туралы шешім шығарады. Егер оң шешім шығарылса, жинақтағы ақша 2 жұмыс күннің ішінде емделетін мекеменің шотына аударылады. Ескере кететін жайт, ақша қолға берілімейді. Барлығы онлайн және есеп-шотқа аудару арқылы жүзеге асады.

Жансұлтан Матаев, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиалының директоры:

- Наурыздың басында шетелдік медициналық мекемелермен де жұмыс жүргізіледі. Яғни қордағы қаржыны өзге мемлекетте емделу үшін жұмсауға мүмкіндік болады. Тек стоматологиялық ем-дом ғана елде жүргізіледі. Ал басқа ауру түрлеріне, жасанды жолмен ұрықтандыруға әзір қордағы қаржыны алу мүмкін емес. Себебі биыл бұған 7 мың квота бөлінген.

Ләззат Ибрагимова, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы:

- Жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржы жеткілікті болса, бірнеше рет түрлі ауруға пайдалануға болады. Сондай-ақ емделетін мекемені өтініш беруші өзі таңдайды, тек көрсететін қызметке мед.орталықтың лицензиясы болуы керек. Бұл тізімге емі қымбат ауру түрлері енгізілген. Жалпы осы уақытқа дейін қордағы қаржысына үй алуға немесе ипотеканы төлеуге 162 мың өтініш түсіп, оның 99 мыңына ақша аударылған.

Автор: Гүлзия Нақыпқызы