Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздегі жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

22 ақпанда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

22 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ертең Оралда жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

22 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

22 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

22 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Желдің оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Ақтөбе қаласында 22 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

22 ақпанда күндіз Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

22 ақпанда күндіз Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ...