Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы

23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қ.: 23 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с.

Алматы облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Маңғыстау облысы

23-24 ақпанда Қостанай облысында қар, 23 ақпанда кей жерлерде қатты қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және ода аса күтіледі.

23-24 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, күндіз 23 ақпанда кей жерлерде қатты қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 23, түнде 24 ақпанда 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және ода аса күтіледі.

Күндіз 23, тәулік бойы 24, түнде 25 ақпанда Түркістан облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 23-25 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, 24 ақпанда бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 24 ақпанда таулы шатқалдарда екпіні 30 м/с және ода аса күтіледі. 24 ақпанда ауа температурасы 2 градус аяз – 3 градус жылы, кей жерлерде 5-10 градус аяз, облыстың солтүстік аудандарда 13 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

24-25 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 23-25 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, 25 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз 23, тәулік бойы 24, түнде және таңертең 25 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 30 м/с және ода аса күтіледі. Түнде 25 ақпанда ауа температурасының 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Күндіз 24, тәулік бойы 25 ақпанда Алматы облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. 25 ақпанда ауа температурасының 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0-5 градус аяздан 10-15, кей жерлерде 18-23 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

24 ақпанда Маңғыстау, Қызылорда облыстарында ауа температурасының 15-20, кей жерлерде 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Павлодар облысы

Күңдіз 23 ақпанда Павлодар облысында кей жерлерінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

23 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз көп бөлігінде күші 15-20 м/с.

Атырау қ.: 23 ақпан түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтан қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша 23-25 ақпанда жаяу бұрқасын, шығыстан, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с күтілетіні туралы хабарлайды.