Ауа райына байланысты үш облыста жолдар жабылды

Күн райына байланысты еліміздің үш өңірінде жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ. Қостанай, Қарағанды, Ақмола облысындағы қалың қар мен бұрқасын көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп болып тұр. Ақпаратты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратты. Сондай-ақ Атырау облысында барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылғаны белгілі.