419,41 505.95 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

  • 121
  • UPD: 13:49, 23.02.2021
Қостанай облысында бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

Күннің райы бұзылып, Қостанай облысында бірнеше бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатты боран салдарынан республикалық және өңірлік маңыздағы 19 трасса бойында барлық көлік құралының қозғалысына шектеу енгізілді. Шұғыл штаб құрылып, таңғы сағат 09:00-ден блок-бекеттер қойылды. Одан бөлек, әр жерде отыздан астам жылыту пунктері орнатылды. Қазір облыс бойынша ауа температурасы 19 градус нөлден төмен. Желдің жылдамдығы секундына 12 метрге жетті. Облыстың барлық аумағында қарлы боран соғып тұр. Бұған дейін дауылды ескерту алдын ала хабарланса да, оны елемей жолға шығып кеткендер де табылған.

Азамат Орынбаев, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Қазіргі уақытта мынау Наурызым ауданындағы Дәмді ауылының жанында 5 бірлік жеңіл көлігі қар құрсауында тұр. Соған бізден таңертең хабарлама түскен болатын, дер кезінде ол жерге арнайы жол талғамайтын техника жіберілді. Қазіргі уақытта жолда келе жатыр.

Хабар 24 телеарнасы