Telegram мессенджерінде көптен күткен функция пайда болды

Telegram мессенджерінде кез келген чаттағы хабарламаларды автоматты түрде жою функциясы пайда болды.

Бұл туралы сервис әкімшілігі өзінің блогында хабарлады.

«Енді чаттардың барлық қатысушылары үшін хабарламаларды автоматты түрде жою қызметі қолжетімді. Бұл режимде хабарламалар жіберілгеннен кейін 24 сағаттан соң немесе 7 күн өткен соң жойылады», - делінген.

Telegram сонымен қатар чаттарға жылдам қосылу үшін топтар мен арналарға және виджеттерге шақыруға арналған уақытша сілтемелерді іске қосты.