Бірнеше облыста жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін бірнеше облыста жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, Нұрсұлтан-Теміртау, Ақтау-Атырау және Қостанай-Қарабалық бағытындағы барлық көлік түрінің қатынауына шектеу қойылды. Қостанай облысындағы Жетіқара мен Рудный арасындағы қозғалысқа да тыйым салынды. Павлодар облысындағы Ботақара-Баянауыл, оңтүстіктегі Айша бибі мен Машат елді мекендері арасындағы жолдар жабық. Бұған қоса, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелген аумақтар бар. Нақты ақпаратты «Қазавтожол» компаниясының ресми сайтынан немесе байланыс орталығынан біле аласыз.

Сондай-ақ...