Еліміздің басым бөлігінде аяз күшейіп, боран соғады

Әсіресе, оңтүстік өңірлерде, оның ішінде Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында қар аралас жаңбыр жауады.

Артынша сынап бағанасы минус 25 градусқа дейін төмендейді. Желдің екпіні күшейіп, кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жетеді. Ал Түркістанның таулы бөліктерінде көрсеткіш секуындына 30 метрден де асып түседі. Ауа температурасының күрт төмендеуі Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында да байқалады. Кей жерлерде минус 23 градусты көрсетеді дейді синоптиктер. Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан аймақтарына қалың қар түседі. Желдің екпіні секундына 23-28 метр, кей жерлерде 30 метрге жетеді. Боран ұйытқып, көктайғақ болады. Еліміздің астанасында да бүгін қатты аяз. Жел екіпіні секундына 15- 20 метрді көрсетіп тұр.   

Сондай-ақ...