432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

  • 182
  • UPD: 17:35, 25.02.2021
Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің көптеген өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

26 ақпанда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші – 15-20 м/с. 26 ақпанда түнде кей жерлерінде 35-38 градус қатты аяз болады. Қарағанды қаласында 26 ақпанда жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні – 15 м/с. Жезқазған қаласында 26 ақпанда түнде 35 градус қатты аяз болуы ықтимал.

26 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 9-14 м/с.

26 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 25 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде – 15-20 м/с. Орал қаласында жаяу бұрқасын ықтимал.

26 ақпан Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысында 26 ақпан түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын болады, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады күші – 15-20 м/с. Кей жерлерде тұман күтіледі.

26 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың кей жерлерінде түнде 20 градус қатты аяз сақталады. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде – 15-20 м/с. Ақтау қаласында 26 ақпанда көктайғақ, күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-18 м/с.

26-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, түнде 26 ақпанда бұрқасын күтіледі. Түнде 26 ақпанда кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Таразда 26-28 ақпанда кей уақытта тұман болады.

26-27 акпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градус қатты аяз болуы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы