Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар 41 жол жабық тұр

Ақпанның боз бораны әлі де буып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн райы күрт төмендеп, елді әбігерге салып қойды. Республикалық маңызы бар 41 жол жабық. Мамандар өткен тәулікте 140 адамды қар құрсауынан құтқарып алған. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр.