Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жолдар жабық

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жолдар жабық тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қарағанды – Балхаш және Орал – Атырау бағытында барлық көлік түрінің қатынауына шектеу қойылды. Павлодар мен Қарағанды арасын қосатын Шідерті – Теміртау, Қалқаман – Теміртау тасжолдарындағы қозғалысқа да тыйым салынды. Ал, Оралдан 3 бағытқа шығатын жолдар жабық. Бұған қоса, Қостанай облысында жүк көліктердің қозғалысы шектелген аумақтар бар.