430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің он облысында ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 329
  • UPD: 09:34, 27.02.2021
Еліміздің он облысында ауа райы туралы ескерту жарияланды

Еліміздің 10 облысында ауа райы туралы ескерту жарияланды.

Синоптиктердің болжауынша, Қарағанды өңірінің кей жерлерде 38 градусқа дейін қатты аяз күтіледі. Батыс Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Мамандар Қостанай мен Ақмола облыстарында бұрқасын болады деп болжайды. Солтүстік Қазақстанда қатты жел соғуы мүмкін. Жамбыл және Түркістан облыстарында жел күшейіп, тұман түседі.

Хабар 24 телеарнасы