Атырау және Ақтөбе облыстарында жолдар жабылды

Атырау және Ақтөбе облыстарында күн райының бұзылуына байланысты Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясымен шекарадағы тасжолда, Сағыз, Мақат, Қарауылкелді ауылдары маңындағы жол бөлігінде барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Мамандар тұрғындарды жолға шығар алдында күн райы мен дауылды ескертулерге назар аудару керектігін ескертеді.