Елордадан бірнеше бағытта жолдар жабық тұр

28 ақпан күнгі сағат 10:30-дан ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел, боран) республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы 1291-1426 км (Нұр-Сұлтан қ. – Теміртау қ.) тас жолы автокөліктің барлық түрлері үшін жабық тұр.

28 ақпан күнгі сағат 12:30-дан ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, шектеулі көріну) республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан қ. – Қабанбай Батыр а. – Киевка а. – Теміртау қ. (32-51 ш. а.Қабанбай Батыр-Қарағанды шек.облысы) тас жолы автокөліктің барлық түрлері үшін жабық тұр.

Нұр-Сұлтан қ. ТЖД баспасөз қызметі