Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

1 наурызда Ақмола облысында түнде басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ: түнде және таңертең 1 наурызда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

1 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 1 наурызда жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

1 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

1 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндіз облыстың солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ.: 01 наурызда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Семей қ.: 1 наурызда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

1-3 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 2-3 наурызда кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, түнде 3 наурызда екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қ: 1-3 наурызда кей уақытта тұман күтіледі. 2 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

1 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтау қ.: 1 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

1 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман сақталады, түнде кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

1 наурызда Павлодар облысында кей жерлерінде тұман, бұрқасын, қоқтайғак күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 01 наурызда бұрқасын, қоқтайғак күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ: 1 наурызда кей уақыттарда жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Қарағанды қ: 1 наурызда жаяу бұрқасын, жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.