Көктемнің басында ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК 2-4 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Кезекті атлантикалық циклон Қазақстан аумағына ауысады. Батыстан соққан желдің ықпалымен Қазақстанға жылы, ылғалды ауа келеді», - делінген хабарламада.

Еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын болады. Одан бөлек, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын болуы мүмкін.