Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты Бектұров көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды

Осы жылдың 28 ақпанынан бастап Е69 көшесінен Е22-ге дейінгі аралықтағы Әбікен Бектұров көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Е67 көшесінен Е22 көшесіне дейінгі учаскеде Е49 көшесін (Әбікен Бектұров) салу» жобасы шеңберінде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты осы жылдың 28 ақпанынан бастап Е69 көшесінен Е22-ге дейінгі аралықтағы Әбікен Бектұров көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды», – деп хабарлайды «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ.

Қала көшелерінде кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз. Аталған шара ПД ӘПБ уәкілетті органымен келісілді», – делінген басқарма таратқан хабарламада.