Ғалымдар көкөністер мен жемістерді күнделікті тұтыну мөлшерін анықтады

Америкалық диетологтар жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісік ауруларының алдын алу үшін дұрыс тамақтану нұсқаулығын жасады.

Ғалымдардың айтуынша, ұзақ және салауатты өмір сүру үшін күнделікті екі порция жеміс-жидек және үш порция көкөніс жеу қажет.

Зерттеу нәтижелері Америкалық кардиология ассоциациясының Circulation журналында жарияланған.

Авторлар 100 мың адам қатысқан 1984 жылдан 2014 жылға дейінгі екі зерттеудің мәліметтерін талдады.

Зерттеу барысында жемістер мен көкөністердің бес порциясын күнделікті тұтыну ең төменгі өлім қаупімен байланысты екендігі анықталды және бұл дозаны жоғарылату ешқандай қосымша пайда әкелмейді. Сонымен бірге, авторлар күнделікті екі порция жеміс-жидек пен үш порция көкөніс жегендердің ең ұзақ өмір сүргендерін анықтады.

Сонымен бірге ғалымдар жемістер мен көкөністердің барлығы бірдей пайдалы еместігін атап өтті. Мысалы, картоп, бұршақ және жүгері сияқты крахмалды көкөністер, сондай-ақ жеміс шырындары өлім қаупін төмендетпейді. Ал жасыл жапырақты көкөністердің, оның ішінде шпинат, салат жапырағы және қырыққабат, сондай-ақ бета-каротин мен С дәруменіне бай жемістер мен көкөністердің, мысалы, цитрус жемістерінің, жидектер мен сәбіздің пайдасы мол.