2 наурызда Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады

Бүгін еліміздің шығыс бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады. Өскемен мен Семей қалаларында желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Салдарынан көктайғақ болып, жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Осыған ұқсас жағдай Ақмола, Қарағанды және Батыс Қазақастан облыстарында да байқалады. Аталған аймақтарда көктайғақ болып, кей жерлерді тұман басады. Дауылды ескерту Түркістан мен Жамбыл облысына да жарияланды. Әсіресе соңғысында желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетеді деп болжанып отыр. Ал Қостанай мен Қызылорда өңірлерінде тұман болады дейді синоптиктер.