Медицина қалдықтары қалай жойылады?

Қарағанды облысында осы күнге дейін екі мыңнан астам адамға екпе салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әр емхана тәулігіне шамамен 70-ке жуық адам қабылдайды. Яғни, қаншама медициналық қалдық шығады? Олар қайда жіберіледі, қалай жойылады?

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- Қолданылған бетперде, қолғап, ине, тіпті мақтаның өзін қоқысқа тастауға болмайды. Ыдыста сақтап, кейін жою керек. Ал босаған құтылар әуелі екі сағат бойы арнайы сұйықтықта зарарсыздандырылады.

Ақгүл Күзеуова, №3 емхананың бас медбикесі:

- 2/3-ке толтырылғаннан кейін аузын бәрін бекітіп жауып, міне, датасы бәрі қойылып тұр, ауызын былай жауып, жапсырып, қалдықтарды уақытша сақтайтын кбөлме бар ғой, сонда тапсырылады.

Медициналық қалдықтарды сақтайтын қойма алдында кешкілік кезек түзіледі. Емхананың барлық бөлімдері кей күндері 60 келіге дейін қоқыс тапсырады екен.

Данат Тұрманова, №3 емхананың аға медбикесі:

- Бүгінге енді медицина қалдықтары Б класы 50 килограмм тапсырылды. Ең көп тапсыратын хирургия кабинеті мен күндізгі стационар кабинеті.

Кез келген медициналық қалдықтарды тасымалдау мен жоюдың өзіндік талаптары бар. Ол жұмыспен арнайы мекемелер айналысады. Келісімшартқа сәйкес олар аптасына екі мәрте келіп, қораптарды әкетіп отырады екен.

Ербол Дүйсекенов, жедел медициналық көмегі бар кви бірыңғай қызмет орталығының меңгерушісі:

- Аптасына келісім бойынша 47 килограммға дейін дейді, бірақ оған дейін жетпейді, әрине. Арнайы есік бар, басқа адамдар кіретін есіктен кірмейді, сол арнайы есіктен кіріп, сол жерден шығарылады.

Мамандардың айтуынша, медициналық қалдықтардың барлығы арнайы пеште, өте жоғары температурада өртеліп, күлі ғана қалады екен. Бұл қоршаған ортаға да, адамзатқа да қауіпсіз.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Аслан Демесбаев