Тәттіден бас тартудың оңай жолы аталды

Үндістандық диетолог және дұрыс тамақтануға арналған бірнеше кітаптың авторы Пуджа Махиджа тәттіге деген құмарлықты қалай жеңуге болатынын айтты.

Маман тәттіге деген құштарлықты ағзадағы азқуыздың жетіспеушілігімен байланыстырады, деп хабарлайды wi-fi.ru.

«Қант жегіңіз келсе, сіздің ағзаңыз ақуыз сұрап тұрғанын есіңізден шығармаңыз», – деп жазды ол өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Махиджа рационды қайта қарап, таңғы, түскі және кешкі аста ақуыздың болуын қадағалау керектігін айтады.

Протеин тоқтық гормонын түзеп, ал тоқ адам тәтті жегісі келмейтіні анық.

«Қант сенің басшыңа айналды ма? Кез келген уақытта қоңырау шалып мазаңды ала ма? Бастық өзің екенін дәлелдеу үшін осы оңай тәсілді ұмытпа!» – деп жазды Пуджа.