Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 4-6 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Кезекті атлантикалық антициклон Солтүстік-Батыс циклонымен бірге батыстан шығысқа қарай қатар жылжып, белсенді фронталды бөліктер қалыптастырады.

Соған байланысты жауын-шашын болады, республиканың оңтүстігінде және шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп және ауа температурасы ауытқуы мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді деп күтілуде», - делінген.