Өзбекстанға қатынайтын жаңа әуе рейсі ашылады

8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды.

«Рейстер Б-737 әуе кемесімен дүйсенбі және сәрсенбі күндері орындалады. Олар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады», - делінген хабарламада.