Демалыс күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК 6-8 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Солтүстікатлантикалық циклондардың Қазақстан аумағына ығысуына байланысты ауа райы өзгереді. Ауа температурасы мен атмосфера қысымында ауытқу болады. Кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.