433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 242
  • UPD: 14:55, 06.03.2021
Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Аяз беті қайтқанмен жел соғып, жолдағы көлік қатынасы қиындады.

Бүгін еліміз бойынша 13 өңірде дауылды ескерту жарияланған. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетіп отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпарат бойынша, қазір республикалық маңызы бар 72 жол және облыс аумағындағы 125 бағыт уақытша жабылған. Құтқарушылар мен сақшылар жұмыс істеуде. Ал елордадан Павлодарға, Петропавлға, Шідерті мен Атбасарға барғысы келген жолаушылар болса, күннің жылынғанын күтулеріне тура келеді. Өйткені бұл бағыттарда қозғалысқа шектеу қойылған. Қара суықта жолда қалып қойғандар көп қой. Өткен тәуліктің өзінде мамандар екі жүз адамды құтқарып алған. Арасында балалар да бар. Солардың барлығын жылыту орындарына жеткізіп жатыр. Қазір онда алты жүзден астам адам бар деп естідік. Қауіпті жолдардағы жағдайды бақылауға әрі көмек көрсетуге мың жарым маман мен сегіз жүз техника тартылды.

Хабар 24 телеарнасы