Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарында бұрқасын болады деп болжайды.

Солтүстік Қазақстан облысында да күн райы қолайсыз болуы мүмкін. Қарағанды мен Атырау тұрғындары абай болғаны жөн. Бұл аймақтарда көктайғақ болады. Ал еліміздің оңтүстігі мен Маңғыстау облысын тұман басады.