Еліміздің кейбір өңірлерінде қар аралас жауын жауады

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауады.

Әсіресе Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын соңы көктайғаққа айналады. Желдің жылдамдығы 15-20 метрге, кей жерлерде тіптң 28 метрге дейін жетеді. Қостанай мен Ақмола облыстарын тұман басып, көктайғақ болады. Жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Дәл осындай жағдай Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Қарағанды және Түркістан облыстарында да байқалады. Аталған аймақтарда дауылды ескерту жарияланды. Елордада да бүгін жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетіп, көктайғақ болады дейді синоптиктер.