Интернеттің жылдамдығы бойынша рейтинг: Қазақстан үш сатыға жоғарылады

2021 жылдың қаңтар айындағы мобильді интернеттің жылдамдығы бойынша әлем елдерінің рейтингінде БАӘ бірінші орынды иеленді: онда интернеттің жылдамдығы секундына 183,03 мегабитті құрайды.

ТОП 5-ке Оңтүстік Корея, Қатар, Қытай және Сауд Арабиясы енді, деп хабарлады ranking.kz.

Қазақстан өз кезегінде позициясын 3 сатыға жақсарта отырып, әлем бойынша 103-орынға ие болды. Сондай-ақ еліміз рейтингтегі өсу деңгейі бойынша ТОП-25 елдің қатарына енді.

Қазақстанда мобильді интернеттің жылдамдығы бір жыл ішінде 6,6% өсіп, секундына 20,15 мегабитке дейін жетті. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қырғызстан интернет жылдамдығы бойынша Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болып табылады.

Айта кетсек, интернетке қолжетімді ұялы байланыс абоненттерінің саны елімізде 16 миллионға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8% көп.

Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер көп қолданылады