Ақпан айында тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгерді

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы ақпанда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруіне қатысты мәліметті жариялады.

Бір айда (2021 жылғы ақпан 2021 жылғы қаңтарға) абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 3,1%, жаңа тұрғын үйлерді сату 1,2% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6% жоғары болды.