430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 183
  • UPD: 17:20, 09.03.2021
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

10 наурызда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай болады, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Шымкент қаласында 10 наурызда кей уақытта найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қаласында 10 наурызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел күшейеді.

10 наурызда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с.

10 наурызда түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанайда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Көкшетауда 10 наурызда кей уақыттарда тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі.

10-11 наурызда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с, күндіз 11 наурызда екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қарағандыда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавлда жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10-12 наурызда Жамбыл обысында кей жерлерде тұман, күндіз 10 наурызда найзағай, 10-11 наурызда көктайғақ болады. 10-12 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 10 наурызда екпіні 23-28 м/с.

Таразда 10-12 наурызда кей уақытта тұман, күндіз 10 наурызда найзағай, 11 наурызда көктайғақ болады. Күндіз 10 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с .

10 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с. Ақтөбеде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.

Хабар 24 телеарнасы