433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірқатар өңірде жауын соңы көктайғаққа ұласады

  • 233
  • UPD: 20:58, 09.03.2021
Бірқатар өңірде жауын соңы көктайғаққа ұласады

10 наурызда елдің бірқатар өңірінде жауын жауып, арты көктайғаққа ұласады. Осы себепті синоптикер 10 өңірдің тұрғындарына сақ болуды ескертеді.

Атап айтсақ, Түркістан облысында найзағай ойнап, жауын селдетеді. Оңтүстік батыстан екпінді жел соғады.

Шығыс Қазақстанда тұман бауырлап, қатты жел тұрады. Кей жерде оның екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Қызылордада көшелер көк мұз құрсанса, Қостанай өңірінде жаяу бұрқасын жүреді. Ақмола облысында солтүстік батыстан жел ұйытқиды. Жамбыл, Ақтөбе және Батыс Қазақстанда қалың тұман түсіп, аяқасты көк мұзға айналады.

Хабар 24 телеарнасы