Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша 2021 жылғы 11-13 наурызға арналған ауа райы болжамы.

Жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын байқалатын циклонның артынан суық Солтүстік-Батыс антициклон жылжи бастайды. Онымен жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Елдің оңтүстік аймақтарына Жерорта теңізінің аудандарынан циклонның шығуы әсер етеді, ол жауын-шашын әкеледі, кей жерлерде қатты (жаңбыр, қар). Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады.