423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордадағы Омаров көшесінде жол қозғалысы уақытша тоқтатылады

  • 242
  • UPD: 11:09, 11.03.2021
Елордадағы Омаров көшесінде жол қозғалысы уақытша тоқтатылады

Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық кеңістіктерді үйлесімді және жайлы жайластыру реконструкциялау нысаны құрылысына байланысты 25 сәуірге дейін Омаров көшесі бойында Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрынан Әуезов көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезеңінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласының жаяу жүргінші аймақтары және қала аумағында қоғамдық кеңістіктерді үйлесімді және жайлы жайластыру реконструкциялау нысаны құрылысына байланысты 2021 жылғы 1 наурыздан 25 сәуірге дейін Омаров көшесі бойында Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрынан Әуезов көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезеңінде көлік қозғалысы шектеледі.

Қозғалыс жол белгілерін орнату арқылы уақытша сызба бойынша жабық учаскені айналып өту арқылы ұйымдастырылады.

Осыған байланысты «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ кешірім сұрайды және елорда тұрғындары мен қонақтарынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскелеріне барынша мұқият болуды және уақытша жол белгілерін басшылыққа ала отырып және Жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы