Ауа райының қолайсыздығынан Қостанай облысында үш республикалық жол учаскесі жабық.
Олар Жезқазған-Петропавл, Денисов-Жітіқара-Мықтыкөл және Сарыкөл ауданынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аумақ. Сонымен қатар жергілікті маңызы бар 21 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған. Тек Әулиекөл-Сұрған бағытында жеңіл көліктерге ғана қатынауға рұқсат. Жабық трассалар қалың қардан тазартылмайынша ашылмайды.
Виталий Цой, жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары:
- Ауа райы бұзылған елді мекендер маңында 52 патрульді полицей кезекшілік етіп жатыр. Барлығы 26 қызметтік көлік жұмылдырылған. Қар құрсауында қалған жүргізушілер сол жерде жылынып, тамақтанады.