Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Еліміздің солтүстігінде аяз қайта күшейді.

Мәселен, бүгін Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында сынап бағанасы күрт төмендеп, кей жерлерде минус 30 градусқа дейін жетеді. Аталған аймақтарда тұман басып, желдің екпіні күшейеді. Желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін болады дейді синоптиктер. Қатты аяз Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында да байқалады. Қызылорда мен Маңғыстау өңірлерінде жел күшейіп, көктайғақ болапды. Ал Түркістан облысында қар аралас жаңбыр жауады. Сынап бағанасы төмендеп, аяз күшейеді. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге, таулы аймақтарда 30 метрге дейін жетеді. Жамбыл облысында да қатты жел болады. Аталған аймақтарда дауылды ескерту жарияланды.