ШҚО-да қар көшкіні туралы ескерту жасалды

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі әлі де сақталуда.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, наурыз айының алғашқы онкүндігінде өңірде жиі қар аралас жаңбыр жауып, жел екпіні күшейе түсті. Таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі артқан.

«Осыған байланысты «Қазселденқорғау» ШҚОФ қызметкерлері тиісті шараларды қолға алуда. Өскемен-Алтай, Өскемен-Самар және Өскемен-Северное бағытындағы жолдар жабылған. Аса қауіпті учаскелерде қар түсіру жұмыстары жүргізілуде. Наурыз айының басынан бері бірнеше мәрте жарылыстар жасалып, қардың жалпы көлемі 534 900 текше метр болатын 39 учаске тазартылған» делінген хабарламада.

Соңғы екі күнде Алтай-Путинцево және Өскемен-Тарғын-Самар жолдарының бойында жасанды жолмен қар көшкіні жүргізіліп, 20100 текше метр қар түсipiлдi. «Демалыс күндері облыста дауылды ескерту жарияланды. Жауын-шашын болады деп күтілуде» делінген ведомство мәліметінде.