Алматы ТЖД ауа райына байланысты ескерту жасады

Алматыда жауын-шашын салдарынан жол-көлік апаты жиіледі. Кеше кешке тұман түсіп, жаңбыр жауғандықтан жолдың бетіне жұқа мұз қатқан. Соның салдарынан жүргізушілер көліктерін игере алмай соғысқан. Әлеуметтік желілерге алматылықтардың жүктеген бейнежазбаларында көліктердің жол шетіне шығып кетіп, еріксіз ағаштарға соғылғанын байқауға болады.

- Там посмотрите, здесь вот въехала в деревья машина. Это ужас. 

Қалада қанша көлік апаты болғаны белгісіз. Бұл туралы полиция департаменті ешқандай ақпарат таратпады.

Қаланың коммуналдық қызметінің хабарлауынша, кешеден бері жолдарға көктайғаққа қарсы 576 тонна құм себілген.

Синоптиктердің мәліметінше, 17 наурызға дейін күн суық болады. Сондықтан көлік жүргізушілерінің жолда абай болғаны абзал.

Сондай-ақ...