433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкент – Тараз тасжолы жабылып, көлік кептелісі пайда болды

  • 228
  • UPD: 17:27, 14.03.2021
Шымкент – Тараз тасжолы жабылып, көлік кептелісі пайда болды

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкент – Тараз тасжолы жабылып, ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны видеограф Әділ Рахметолла жоғарыдан түсіріп әлеуметтік парақшасында жариялады. Жол бойында шамамен бір шақырымдай кезек пайда болған. Өңірлік төтенше жағдай департаменті мамандарының мәліметіне қарағанда, Алматы – Термез – Ташкент тасжолының 534-593-ші шақырымында жол таңғы 08:00 шамасында кезінде жабылған. Оған желдің күшейіп, жолдың көрінбей қалуы себеп болды. Бірақ қазір жел басылды. Сағат 15:00-ден бастап бұл бағыттар ашылды. Дегенмен, Жамбыл облысының аумағында Күйік – Қарабастау – Қаратау – Жаңатас учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілген. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс жолға шығарда ауа райы болжамына мән беріп, құтқарушылардың кеңесіне құлақ түруді ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы