Еліміздің біраз бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Осыған байланысты 6 аймақта дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Жамбыл облысында соңғы күндері қар аралас жаңбыр жауған. Оның соңы көктайғаққа айналады. Жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 23 метрге дейін жетеді дейді синоптиктер. Түркістан мен Қызылорда облыстарын қалың тұман басады. Дәл осындай жағдай Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында да байқалады. Ал Қарағанды облысының оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін баруы ықтимал.

Сондай-ақ...