Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

16-18 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Биік жотаның батыстан шығысқа қарай жылжуына байланысты Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы жоғарылайды, деп хабарлады Қазгидромет.

«Сондай-ақ еліміздің басым бөлігінде антициклон сілемімен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек аптаның басында республиканың шығыс бөлігінде, содан кейін батысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, желдің күшеюі мүмкін», - делінген хабарламада.