21 наурыз күні Нұр-Сұлтанда локдаун енгізіледі

Елорда «қызыл аймақта» болғандықтан 21 наурыз күні локдаун енгізіледі.

Яғни жексенбіде сауда ойын-сауық орталықтары, жабық азық-түлік емес базарлар, жабық спорт кешендері жұмыс істемейді. Сондай-ақ Қазпошта мен  Халыққа қызмет көрсету орталығы да жабық болады. Дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сол күні қоғамдық көлік жүрмейді. Фитнес залдары мен СПА орталықтардың жұмысына тыйым салынады. Наурыз мерекесіне орай бұқаралық іс-шаралар болмайды. 18 наурыздан бастап кинотеатрлар жұмыс істемейді.

Сондай-ақ...