Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

17 наурызда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, шанды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

17 наурызда Ақмола облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

17 наурызда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

17-18 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.