Бірқатар өңірде жел күшейіп, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің біраз бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні 20 метрге дейін жетіп, тұман басады. Жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін.

Қатты жел Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында да байқалады. Маңғыстау өңірінде оның екпіні кей жерлерде 28 метрге дейін жетеді дейді синоптиктер. Осыған байланысты аталған аймақтарға дауылды ескерту жарияланды.

Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты қазір Солтүстік Қазақстан облысындағы Тимирязев-Сарыкөл тас жолының бір бөлігі жабық тұр.