Еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

Синоптиктердің хабарлауынша, Маңғыстау облысында найзағай ойнап, екпінді жел соғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кей жерлерде оның күші секундына 23 метрге жетеді. Қызылордада тұман бүркеп, жел күшейеді. Жамбыл облысында дәл осында жағдай. Батыс және Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау мен Алматыда қалың тұман түсіп, көшелерге көкайна мұз қатады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан және Қарағанды облысында жел ұйытқиды.

Айта кетейік, күн райының қолайсыздығына байланысты Орал - Тасқала -Ресей Федерациясы, Атырау-Орал, Самара-Шымкент тас жолында көлік қозғалысы шектелді.

Сондай-ақ...