Егде жастағы адамдарда COVID-19-ды қайта жұқтыру қаупі жоғары

Даниялық ғалымдардың Lancet ғылыми журналында жарияланған зерттеуіне сәйкес жасы 65-тен асқан адамдарда коронавирусты қайта жұқтыру қаупі жоғары.

Зерттеу нәтижелері бойынша коронавируспен ауырған науқастарда инфекцияны қайта жұқтырудан қорғаныс деңгейі 80,5 процентті құрайды, бірақ 65 жастан асқан адамдарда ол 47,1 процентке дейін төмен болады.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан коронавирус антиденелері болғанына қарамастан, COVID-19 жаңа штамдарын қайта жұқтыру туралы мәліметтер бар екенін айтқан.