Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

19 наурызда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с. Өскемен мен Семейде күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

19 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Күндіз кей жерлерде найзағай болады.

Шымкентте 19 наурыз таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қаласында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

20 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде көктайғақ күтіледі. 19-20 наурызда кей жерлерде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 20 наурызда күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Петропавлда 20 наурызда көктайғақ болады. 19-20 наурызда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

19 наурызда Қарағанды облысында кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Қарағандыда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жезқазған қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20м/с.

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Көкшетауда 19 наурызда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

19 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, тұман бодады. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с.

Қызылордада 19 наурызда күндіз найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Қостанай қаласында наурызда көктайғақ күтіледі.

19 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (қар, жанбыр), тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Оралда 19 наурызда тұман, көктайғақ болады.

19 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с жетеді.