Елорда әуежайы қалыпты жұмыс кестесіне көшті

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында бірнеше рейстің кейінге шегерілгені хабарланған еді.

Күн райының қолайсыздығы және көктайғақ әуе кемесінің ұшып, қонуына қиындық тудырған. Тіпті 21 рейстің кешіккені жайында ақпарат тарады.

Бізге мәлім болғандай, қазіргі кезде әуе қозғалысы қалпына келді. Жолақтарды мұздан тазарту мақсатында 6 техника жұмыс істеп, арнайы реагент арқылы жолды ретке келтірді. Енді ұшақтар алаңсыз ұшып қона алады деп хабарлады дерек көзі.

Естеріңізге салайық, ауа райын болжаушылар бүгін жаңбыр аралас қару жаууы мүмкін екенін айтып, температура 1 градус шамасында болатынын ескерткен еді.